Reels AI-монтажы · қазақша және орысша

Монтажға айына 70 000 ₸ емес — 9 989 ₸

Мобилографты күтпеңіз: түсірдіңіз — Reels 5 минутта дайын.

Өзіңіз сөйлеп тұрған видеоны жүктейсіз, AI-режиссер монтаждайды: субтитр, музыка, моушн-дизайн және хэштегі бар пост мәтіні.

Алғашқы видео ұнамаса, ақшаңызды толық қайтарамызKaspi арқылы төлемМәтінді өзіңіз тексересіз1 видео тегін
AiCore - Turn talking-head phone videos into finished Reels with AI | Product Hunt
Телефонмен түсірілген видеодан жасалған нақты Reels

Видеоға не қосылады

Монтаждың бәрін жүйе жасайды: сіз тек түсіресіз және мәтінді тексересіз.

Аа

Видеоңыздың тіліндегі субтитр

Қазақша, орысша және басқа тілдерде сөз-сөзімен шығады. Ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ, і — бәрі дұрыс. Қате сөзді рендерден бұрын өзіңіз түзетесіз.

♪

Музыка мен дыбыс

Әр видеоға арнайы жасалады, бөтен біреудің әні емес. Сөйлеген кезде музыка өзі бәсеңдейді.

✦

Кілт сөздер мен анимация

Ең маңызды сөздер экранға ірі шығады, кесулер музыка ырғағына түседі, паузалар қысқарады.

#

Пост мәтіні

Reels-тің астына жазатын 3 мәтін (қысқа, орташа, сатушы) мен хэштегтер дайын келеді — көшіріп, жариялай бересіз.

Қалай жұмыс істейді

Үш қадам. Бәрі телефоннан жасалады.

Видеоны жүктейсіз

Телефонмен өзіңіз сөйлеп тұрған тік видео. «Автоматты · Режиссер» режимінде AI монтажды өзі құрады — стиль таңдаудың қажеті жоқ.

Мәтінді тексересіз

Бірнеше минутта субтитр мәтіні шығады. Есімдер мен терминдерді түзетіп, растайсыз.

Дайын Reels аласыз

Видео мен пост мәтіні сайтта дайын тұрады. Дайын болғанда Telegram-ға немесе email-ге хабар келеді.

Артықшылықтар

AiCore қазақ және орыс тілдеріне арналып жасалған, Қазақстанда жұмыс істейді және монтажшының жұмысын толық атқарады.

AI

Автоматты · Режиссер

AI видеоңыздың мазмұнын түсініп, монтажды өзі құрады: графика, атаулар, кілт сөздер, музыка мен дыбыс. Қаласаңыз, стильді өзіңіз таңдайсыз — барлық стиль кез келген тарифте ашық.

Қ

Қазақша және орысша

Сөзді тану мен субтитр қазақ және орыс тіліне бейімделген. Ағылшын, қытай, жапон, корей және басқа тілдер де бар — әр видео өз тілінде монтаждалады.

◎

Өз дауысыңыз бен сөзіңіз

AI дауыс жоқ: видеода сіздің дауысыңыз бен сөзіңіз қалады. Мәтінді рендерден бұрын өзіңіз тексересіз.

♫

Авторлық құқық мәселесі жоқ

Музыка мен дыбыс эффектілерін сервистің өзі жасайды — бөтен трек қолданылмайды.

»

Тез

Мәтін бірнеше минутта шығады. 1 минуттық видео мәтінді растағаннан кейін шамамен 1–4 минутта дайын болады.

HD

Instagram талабына сай

1080×1920, 30 кадр/с, дыбыс деңгейі −14 LUFS — Instagram ұсынатын деңгей. Reels, TikTok және Shorts үшін.

TG

Сайт немесе Telegram

Видеоны сайтқа немесе Telegram-бот @aicoreapp арқылы жүктейсіз — Telegram арқылы 2 ГБ-қа дейінгі файл қабылданады.

₸

Kaspi және қазақстандық сервер

Теңгемен Kaspi QR немесе Kaspi қосымшасы арқылы төлейсіз. Видеолар Қазақстандағы серверде өңделеді және AI оқытуға пайдаланылмайды.

Мысалдар

AiCore-да жасалған нақты Reels — бәрі телефонмен түсірілген. Басыңыз — дыбысымен ойнайды.

Режиссер · моушн-дизайн
Режиссер · өнім жаңалығы
Моушн-дизайн · UI-анимация

Жаңа мүмкіндіктер

Бұрын «жақында» деп уәде еткен мүмкіндіктердің бірнешеуі іске қосылды — қазір қолдануға болады. Қалғаны әзірленіп жатыр.

Іске қосылды

Қосылды
≡

Суфлер

Мәтінді экраннан оқып, видеоны тікелей браузерде 9:16 форматта түсіресіз. Мәтін камераның жанында өзі жылжиды, жылдамдығын өзіңіз реттейсіз. Сөзден жаңылмайсыз, дубль аз болады, ал дайын видео бірден монтажға кетеді.

Қосылды
✎

AiCore мәтін жазып береді

Не айтарыңызды білмесеңіз, тақырыпты таңдап, 3 сұраққа жауап бересіз: кімсіз, не ұсынасыз, көрермен не істесін. Бірнеше секундта 30, 60 немесе 90 секундтық мәтін дайын: басында назар аудартатын сөйлем, соңында шақыру. Мәтін бірден суфлерге түседі. Қазақша және орысша.

Қосылды
◫

Виртуал мульти-камера

Бір камерамен түсірілген видеода жалпы, орта және жақын кадрлар кезекпен ауысады — бірнеше камерамен түсірілгендей көрінеді. Фонды бұлдыратуға немесе студия фонына ауыстыруға болады. Субтитр стильдерінде.

Қосылды
▲

Сөзге сай суреттер мен карталар

Ел, қала немесе адам аталғанда видеоға сәйкес сурет, ту немесе карта қосылады. Тек ашық лицензиялы көздерден алынады, әр суретті мәтінді тексергенде өзіңіз бекітесіз. Субтитр стильдерінде, өз қалауыңызбен қосылады.

Қосылды
1→3

Ұзын видеодан бірнеше Reels

30 минутқа дейінгі подкаст, эфир немесе сабақ жазбасын жүктейсіз — AI ең қызықты сәттерді тауып, 15–60 секундтық бөлек Reels жасайды. Талдау тегін, тек таңдалған клип үшін 1 видео есептеледі.

Қосылды
3→1

Бірнеше видеодан бір Reels

2–10 видео жүктейсіз — AI оларды бір әңгімеге жинайды: қайталанған дубльдер мен ұзақ үзілістер алынады, ортақ субтитр мен музыка қосылады.

Қосылды
♪

Мазмұнға сай музыка

Музыка видеода не айтылғанына қарай таңдалады: тәрбие мен ой толғауға — тыныш, хабарландыруға — серпінді, қайғылы тақырыпқа — музыкасыз. Қаласаңыз, өзіңіз таңдайсыз.

Қосылды
✓

Видеоны алдын ала тексеру

Бет кадрда аз көрінсе, жарық не дыбыс нашар болса, мәтінді тексергенде ескертеміз. Видеода сөз мүлде жоқ болса, ақы алынбайды.

Жақында қосылады

Жоспарда
◉

Студиялық видео

AI сізді оң және сол жақтан түсірілгендей қосымша ракурстар жасайды: видео кәсіби студияда бірнеше камерамен түсірілгендей шығады.

Жоспарда
AI

AI аватар

Бірнеше видеоңыздан цифрлық аватарыңыз жасалады: мәтін жазасыз — ол сіздің бейнеңіз бен дауысыңызбен видеоға айналады. Тек өз келісіміңізбен және тек өзіңіз үшін.

Жоспарда
↗

Әлеуметтік желілерге жариялау

Дайын Reels-ті платформадан шықпай-ақ Instagram, TikTok және YouTube Shorts-қа бір батырмамен жариялайсыз.

Тарифтер

Барлық тарифте мүмкіндіктер бірдей — тек видео саны әртүрлі. Қолданылмаған видео келесі айға ауысады — тарифтің жартысына дейін (10 → 5, 20 → 10, 30 → 15). Жылдық тарифте — жыл бойы шексіз.

Жылдық төлем: 12 ай 10 айдың бағасымен. Тарифтегі видео саны әр 30 күн сайын беріледі.

10 видео / 30 күн

9 989 ₸ / ай99 890 ₸ / жыл
1 видео ≈ 998 ₸Айына ≈ 8 324 ₸ · 1 видео ≈ 832 ₸
  • Барлық стиль + «Автоматты · Режиссер»
  • Музыка мен дыбыс эффектілері
  • Әр видеоға 2 тегін түзету
  • Хэштегі бар 3 пост мәтіні: қысқа, орташа, сатушы
Таңдау

20 видео / 30 күн

18 941 ₸ / ай189 410 ₸ / жыл
1 видео ≈ 947 ₸Айына ≈ 15 784 ₸ · 1 видео ≈ 789 ₸
  • Барлық стиль + «Автоматты · Режиссер»
  • Музыка мен дыбыс эффектілері
  • Әр видеоға 2 тегін түзету
  • Хэштегі бар 3 пост мәтіні: қысқа, орташа, сатушы
Таңдау
Тиімді

30 видео / 30 күн

27 941 ₸ / ай279 410 ₸ / жыл
1 видео ≈ 931 ₸Айына ≈ 23 284 ₸ · 1 видео ≈ 776 ₸
  • Барлық стиль + «Автоматты · Режиссер»
  • Музыка мен дыбыс эффектілері
  • Әр видеоға 2 тегін түзету
  • Хэштегі бар 3 пост мәтіні: қысқа, орташа, сатушы
Таңдау
↺

Алғашқы видео ұнамаса, ақшаңызды толық қайтарамыз

Алғашқы ақылы видеоңыз дайын болған соң 7 күн ішінде қолдауға жазыңыз — бірінші төлем (тариф немесе бір реттік 3 видео пакеті) төленген Kaspi шотына толық қайтарылады. Әр аккаунтқа бір рет. Толығырақ — ашық офертада.

Төлем Kaspi арқылы: QR немесе Kaspi қосымшасы. Жазылымсыз бастағыңыз келсе — 3 видео бір рет, 2 990 ₸ (әр аккаунтқа бір рет). Шарттар — ашық офертада.

Агенттіктер мен SMM-мамандарға

Бір аккаунттан бірнеше клиенттің видеосын жасайсыз. Видеода AiCore белгісі жоқ.

60 видео / 30 күн

49 900 ₸ / ай
1 видео ≈ 832 ₸ · жылдық төлесе 2 ай тегін (499 000 ₸ / жыл)
  • Бір аккаунттан бірнеше клиенттің видеосы
  • Видеода AiCore белгісі жоқ
  • Барлық стиль + «Автоматты · Режиссер»
  • Қолданылмаған видео келесі айға ауысады (30-ға дейін)
Жазыңыз

100 видео / 30 күн

74 900 ₸ / ай
1 видео ≈ 749 ₸ · жылдық төлесе 2 ай тегін (749 000 ₸ / жыл)
  • Бір аккаунттан бірнеше клиенттің видеосы
  • Видеода AiCore белгісі жоқ
  • Барлық стиль + «Автоматты · Режиссер»
  • Қолданылмаған видео келесі айға ауысады (50-ге дейін)
Жазыңыз

SMM-маманға

20% · 6 ай бойы
10-нан көп төлеген клиент әкелсеңіз — 30%
  • Өз сілтемеңізбен келген клиент төлемінің 20%-ы — 6 ай бойы
  • Жеке сілтеме — профильде, «Достарыңызды шақырыңыз» бөлімінде
  • Комиссия ай сайын банк аударымымен төленеді
Жазыңыз

Агенттік тариф сайттағы төлем формасы арқылы сатылмайды: Kaspi шотын жібереміз, төленген соң тарифті әкімші қосады. Серіктес болу үшін де жазыңыз — сілтемеңізді комиссия есебіне қосамыз. Шарттар — ашық офертада.

Жиі сұрақтар

Қандай видео керек?

Телефонмен тік (9:16) түсірілген, өзіңіз камераға сөйлеп тұрған видео. Дауыс анық естілсе болғаны. Файл 2 ГБ-тан аспауы керек.

Видеом жоқ — не түсіремін?

AiCore мәтінді өзі жазып береді: тақырыпты таңдап, 3 сұраққа жауап бересіз (кімсіз, не ұсынасыз, көрермен не істесін) — 30, 60 немесе 90 секундтық дайын мәтін шығады. Оны Суфлерде экраннан оқып түсіресіз, дайын дубль бірден монтажға кетеді. Тегін аккаунтта 3 мәтін, тарифте күніне 5-ке дейін.

Өз сөзіңізбен айтқыңыз келсе, камераға қарап мына 3 сұраққа жауап беріңіз — қалғанын AI өзі монтаждайды:

  1. Сіз кімсіз және немен айналысасыз?
  2. Клиентіңіздің қандай мәселесін шешесіз? Бір мысал айтыңыз.
  3. Неге сізді таңдау керек және қалай байланысуға болады?
Қай тілдерде жұмыс істейді?

Қазақ және орыс тілінде. Сондай-ақ ағылшын, қытай, жапон, корей және басқа тілдерде сөйлеген видеоларды монтаждайды. Әр видео сол видеода сөйлеген тілде монтаждалады, субтитр де сол тілде шығады.

Субтитрде қате болса ше?

Видео жасалмас бұрын мәтін сізге көрсетіледі: қате сөзді, есімді немесе терминді түзетіп, сосын растайсыз. Дайын видеоға 2 рет тегін түзету жасауға болады.

Видео қанша уақытта дайын болады?

Мәтін бірнеше минутта шығады. Сіз растаған соң 1 минуттық видео шамамен 1–4 минутта дайын болады. Дайын болғанда Telegram-ға немесе email-ге хабар келеді — бетте отырып күтудің қажеті жоқ.

Ай соңына дейін видеоны қолданып үлгермесем ше?

Қолданылмаған видео келесі 30 күнге ауысады — тарифтің жартысына дейін (10 → 5, 20 → 10, 30 → 15), егер жазылымды мерзімі біткенге дейін немесе біткен соң 3 күн ішінде ұзартсаңыз. Ауысқан видео бірінші жұмсалады, ал сол кезең біткенде жойылады. Жылдық тарифте видео жыл бойы шексіз ауысады.

Тегін байқап көруге бола ма?

Иә. 1 видео тегін: ұзындығы 60 секундқа дейін, бұрышында шағын AiCore белгісі болады. Telegram қоссаңыз — тағы 1 видео сыйлыққа.

Қалай кіремін? Telegram-бот бар ма?

reels.aicore.kz сайтына Telegram немесе Google арқылы кіресіз. Видеоны сайтқа да, Telegram-бот @aicoreapp арқылы да жіберуге болады — Telegram арқылы 2 ГБ-қа дейінгі файл қабылданады.

Видео сапасы Instagram-ға сай ма?

Иә. Дайын видео 1080×1920, 30 кадр/с, дыбыс деңгейі −14 LUFS (Instagram ұсынатын деңгей). Reels, TikTok және YouTube Shorts-қа жарайды.

Музыкаға авторлық құқық мәселесі болмай ма?

Музыка мен дыбыс эффектілері әр видео үшін жүйенің өзінде жасалады, оларды өз парақшаларыңызда еркін пайдалана аласыз.

Видеоларым қайда сақталады?

Қазақстандағы серверде. Түпнұсқа мен дайын видео 30 күн сақталады, сосын өшіріледі. Толығырақ — құпиялылық саясатында.

Алғашқы видео ұнамаса, ақшаны қайтарасыз ба?

Иә. Алғашқы видео ұнамаса, ақшаңызды толық қайтарамыз: алғашқы ақылы видеоңыз дайын болған соң 7 күн ішінде қолдауға жазыңыз — бірінші төлем (тариф немесе бір реттік 3 видео пакеті) төленген Kaspi шотына толық қайтарылады. Кепілдік әр аккаунтқа бір рет беріледі. Сондай-ақ төлемнен кейін 14 күн ішінде бірде-бір видео өңделмесе, ақша толық қайтарылады. Шарттары — ашық офертада.

Досымды шақырсам, не аламын?

Профильдегі «Достарыңызды шақырыңыз» бөлімінде жеке сілтеме мен код бар. Сол арқылы тіркеліп, Telegram қосқан әр 2 досыңыз үшін 1 тегін видео аласыз: су белгісіз, 2 түзетуімен. Айына 10 видеоға дейін.

Алғашқы Reels-іңізді бүгін жасаңыз

Телефоныңыздағы видео жеткілікті.

Бастау →

Бізді желілерден табыңыз

Дайын Reels мысалдары, жаңалықтар мен кеңестер.